Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жатырдан тыс жүктілік

Жатырдан тыс жүктілікте ұрықтанған жұмыртқа торшасы жатырдың қуысына емес, жатыр түтігінде, аналық безде немесе құрсақ қуысында бекиді. Жатырдан тыс жүктілік қауіпі 35-44 жас аралығында кездеседі. Егер әйелде уреаплазма, микоплазма, хламидиоз және т.б. созылмалы кеселдерге байланысты қабыну үдерістері (процесстері) болса, өзіндегі жүктілікті қатаң бақылауы тиіс.
Сондай-ақ түтіктік және гормоналдық бедеуліктен емделгендердің, эндометриозы, жатырдың және жатыр түтігінің туа бітті ауытқулары, жүктіліктің мезгіліне жетпеуі бар әйелдердің аса сақ болғаны жөн.
Жатырдан тыс жүктіліктің белгілері:
- құрсақ қуысындағы қатты ауыру;
- қан кету;
- бас айналу;
- жүрек айнуы;
- естен тану. Бұл белгілерді жатыр түтігінің жарылуы шақырады. Бұл 4-6 апталарда өтеді. Кейде түтіктік түсік (аборт) болады. Оның бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Қазіргі заманғы технологиялар жатырдан тыс жүктілікті ерте мерзімде анықтауға мүмкіндік береді.  

Сабира Шермаганбетовна НУРМАГАНБЕТОВА,
акушерка,
“№4 қалалық емхана” ШЖҚ МКК

Сурет kinderok.com сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.04.2015)
Просмотров: 2371 | Теги: жатырдан тыс жүктілік, белгілері, нурмаганбетова, сабира | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]