Жатыр миомасы немесе фибромиома, фибромиома – бұл көбiне дәнекер тканьнiң элементтерiнен тұратын жатырдың бұлшық еттiк тiнiнен дамитын қатерсiз iсiк. Негiзiнен 35-50 жастағы әйелдер тобы ауырғанымен соңғы жылдары бұл кесел «жасарды» және бала өрбiту қабiлетi бар әйелдерде нақтыланады.
Жатыр миомасының дамуына мына себептердiң жетелеуi мүмкiн:
- етеккiр циклiнiң iркiлiсiмен бiлiнетiн гормондық бұзылыстар;
- ретсiз жыныстық өмiр, әсiресе 25 жастан бастап;
- механикалық факторлар: түсiктер, жатырды диагностикалық тазалау, жарақаттық бала босанулар;
- генетикалық бейiмдiлiк;
- қосымша кеселдер: жоғары артериалды қысым, семiздiк, қант диабетi, қалқанша без кеселдерi;
- аз қозғалыстағы өмiр салты.
Көбiне миома ешқандай симптомдар бiлдiрмей өтедi және гинекологтардың профилактикалық қарауында болғанда кездейсоқ анықталады.
Дерт белгiлерi мынадай:
- мол және ұзақ етеккiр (менораггия). Кейде ациклдiк етеккiрге байланысты емес қан ағулар «метроррагиялар» пайда болады. Меноррагия мен метроррагия темiр тапшылық қаназдыққа жетелейдi – гемоглобин деңгейi бiртiндеп төмендейдi;
- iштiң төменгi бөлiгiндегi және белдегi ауырулар. Егер миоматоздық түйiнде қан айналысы бұзылса, онда ауыру жiтi сипат иеленедi;
- көршiлес ағзалардың қызметтерi бұзылады. Зәр шығару және қарын-iшек тракты органдарында ауытқу байқалады – iсiк бұл ағзаларды қысады. Нәтижесiнде несепке шығудағы қиындық, созылмалы iш қатудың болуы ықтимал.
Кульмарам СМАЙЛОВА,
мейірбике,
әйелдерді қарау кабинеті,
“№5 қалалық емхана” ШЖҚ МКК
Сурет www.klinikasoyuz.ru сайтынан алынды
|