Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жасөспірімдік нашақорлықтың алдын алу

Нашақорлық – зиянды әдет қана емес, оған қоса отбасы үшін зор қасірет әкелетін дерт. Бұл кеселде ата-аналарының өз балалары бойынша барлық армандары күйрейді және де жасөспірім есірткі торына шырмалып одан шығуы қиынға түседі. 
Баланы есірткі заттарынан қорғау ыждағатты, мақсатты жұмыстарды талап етеді. 
Көптеген жағдайда есірткі – адамның өз жеке таңдауы. Нашақорлар көп жағдайда - әлемнен еш қызық таппаған, өздерін жүзеге асыра алмаған адамдар. Сондықтан олар басқа әлемге – иллюзиялар әлеміне кетеді, бірақ ол ұзаққа созыла қоймайды. 
Егер бала ерте жаста темекіге құмарта бастаса, бұл ата-аналарын алаңдатуы тиіс. Сол себепті бала кезден есірткіге деген қорқынышты бойына ұялатқан жөн. Өйткені бала ерсектердің айтқанын аксиома ретінде қабылдайды.
Баланың барынша тәжірибелі, қатал оппоненттерге тойтарыс бере білуі тиіс. Егер бала ата-аналарына керекті кезде “жоқ, болмайды!” деп айта білсе, есірткі сатушыларға да мұны батылдықпен айта алады.
Баланың басқалардан ерекше екенін мойындауға үйрету керек. Сол кезде егер достары есірткінің дәмін татқанда оның бірден бас тартуы оңай болады.
Жасөспірімге қызықты іс тауып, спортпен айналысу немесе басқа пайдалы іспен шұғылдану есірткіден бойын аулақ ұстауға жәрдемдеседі.
Ең бастысы отбасында сенімді атмосфера болуы тиіс. Бала өзін отбасының бір мүшесіндей, оны ата-аналарының сүйетінін және әрқашан көмекке келетінін сезінуі керек.      

Ботагөз Жақсылыққызы ІДІРІСОВА,
№5 наркологиялық бөлімше,  
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК

Сурет www.my-article.net сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (14.04.2015)
Просмотров: 890 | Теги: жасөспірімдік нашақорлық, ботагөз, ідірісова, алдын алу | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]