Ата-аналар жасөспірімнің есірткіге тәуелділігі, әсіресе синтетикалық есірткіге әуестігі алғаш рет тұтынғаннан кейін, ал нашақұмарлықтың алғашқы белгілері – бір аптадан соң қалыптасуы мүмкін екенін есте ұстағаны жөн.
Жасөспірімдегі есірткіге тәуелділіктің алғашқы белгілері төмендегідей:
- баланың сабақ үлгірімі нашарлай бастайды;
- мұғалімдер оның өзгерген мінез-құлқына шағымданады;
- ата-аналары мен достары жасөспірімнің қатынасындағы озбырлықты (агрессияны) байқайды;
- жасөспірім үйге әдеттегіден кеш оралады, жалпы көбіне үйде болмайды;
- кейде сабаққа қатыспайды;
- балада жаңадан күдікті достар пайда болады (өзінен біраз жас үлкен);
- бала томаға-тұйық;
- көбіне «оңаша қалу» тілегі;
- ұйқысының бұзылуы;
- көңіл-күйінің еш себепсіз күрт және жиі өзгеруі.
Есірткіге әуестіктің денелік (физикалық) симптомдары:
- есте нашар сақтау, аракідік (перманентті) торығу;
- терісінің бозаруы;
- анық емес және көрнекі емес сөз;
- қарашықтар – кішірейген немесе кеңейген;
- қозғалыс үйлесімділігі бұзылған.
Мирамкуль Амирбековна ТАНСЫКОВА,
мейірбике,
№1 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК
Сурет zdravoe.com сайтынан алынды
|