Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жасөспірімдердегі артериалды гипертензия

Жасөспірімдегі жоғары қан қысымын нақтылау үшін оны бірнеше апта немесе ай бойына өлшеу қажет.
Тіпті дені сау жасөспірімдегі қан қысымы тәулік уақытына, денелік белсенділікке, эмоцияларға және стресстерге байланысты құбылады.
Жоғары артериалды қысымның немесе гипертензияның зардабы жүректің ишемиялық кеселімен, инфарктпен және инсультпен білінуі мүмкін.
Жасөспірімдегі жоғары қысым бірінші реттік – оның себептері белгісіз болғанда және екінші реттік – оны белгілі бір кеселдер мен басқа факторлар шақырғанда болуы мүмкін.
Бірінші реттік гипертензияға мыналардың жетелеуі ықтимал:
- қандағы холестериннің жоғары деңгейі;
- шамадан артық салмақ;
- аз қимылды өмір салты;
- шылым шегу.
Екінші реттік гипертензияның себептері:
- кеселдер мен жарақаттар, мысалы бүйрек ауруы, аорта коарктациясы, бас жарақаты;
- стероидты препараттар мен ауыздық (оралдық) контрацептивтерді қабылдау;
- есірткі тұтыну және т.б.
Жасөспірімдерде көбіне бірінші реттік гипертензия кездеседі. Гипертензиясы бар көптеген жасөспірімдердің туыстарының жоғары қан қысымы болады. Көп жағдайда жасөспірімдегі гипертензия кездейсоқ, медициналық тексеру барысында анықталады.

Шынаркул Куштаевна СЫРЫМБЕТОВА,
денсаулық бекетінің мейірбикесі,
“Қызылорда политехникалық колледжі”


Сурет www.medweb.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (21.06.2015)
Просмотров: 1062 | Теги: жасөспірімдік артериалды гипертензи, сырымбетова, шынаркул | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]