Зиянды әдеттер мен оның зардаптары қоғамды алаңдатады. Жасөспірімдер мен жастар бұл тұрғыда жоғары қауіп тобын құрайды. Жасөспірімнің ішкі әлеміндегі қайшылықтар, ересек болуға ұмтылу, өзін отбасында жаңа “Мен” түрінде таныту тілегі, бұл жастағы қиындықтан қашу, достарының ортасында өзін көрсетуге тырысу – мұның бәрі жасөспірімді зиянды әдеттердің алдамшы әлеміне жетелейді.
Адам өмірінде зиянды әдеттер жеткілікті. Олардың негізгілері – темекі тарту, алкоголь, есірткі тұтыну. Олар адам денсаулығын бұзады, ал алкоголь мен есірткі адам тұлғасын ыдыратушы болып табылады. Ал деградацияға ұшыраған адам өз өмірін құртып қана қоймай, айналасындағыларға, жалпы қоғамға қауіпті. Жасөспірімдерде зиянды әдеттің қалыптасуына мыналар ықпал етеді:
- тәрбиедегі ерекшеліктік ақаулар (ата-ананың теріс үлгісі);
- әлеуметтік ортаның әдеттері мен салт-дәстүрлері (мерекелік дастархан);
- тәрбие жұмысындағы кемшіліктер (жасөспрімінің бос уақыты мен тынығуын ұйымдастыру);
- компанияның қысымы;
- жасөспірімнің әдептік толыспауы.
Шынаркул Куштаевна СЫРЫМБЕТОВА,
денсаулық бекетінің мейірбикесі,
“Қызылорда политехникалық колледжі”
Сурет www.rastut-goda.ru сайтынан алынды
|