Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жасөспірім алкоголизмнің профилактикасы

Жасөспірімдік алкоголизм – бұл уыттанудың (интоксикацияның) бір түрі. Мұнда алкогольдік ішімдіктерге құмарлық пайда болады. Жасөспірімдерде тұрақтанбаған психикаға байланысты алкогольге тәуелділік тез қалыптасады.
Жасөспірімдік алкоголизмнің профилактикасы көбіне психологиямен сабақтас.
Жасөспірімдік кезеңде адам тұлғасы, сондай-ақ оның организмі, денсаулығы және т.б. қалыптасатын жас кезеңі басталады. Бұл кезде уыттануға жетелейтін зиянды заттарды тұтыну қауіпті. Олардың қатарына алкоголь мен спирттік ішімдіктер жатады.
Бұл кеселдің профилактикасына ерте жастан бастап кіріскен жөн. Қолданылатын шараларда қауіп туралы дұрыс ұғым қалыптастыру керек. 
Тұлғаның психикалық және физикалық тұрғыда дұрыс дамуы маңызды. Сондықтан жасөспірімнің бос кезінде пайдалы іспен айналысуына, спортпен шұғылдануына, білім жинауына барынша жағдай жасаған дұрыс. Оның оңды әуестіктерін, қызығушылықтарын қолдап, оқуға және ересек жаста табысқа жету тілегін марапаттаған абзал.     

Кумискул Абдреевна ЖАБАГИЕВА;
мейірбике,
№5 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК

Сурет kotikit.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (14.04.2015)
Просмотров: 1137 | Теги: профилактика, жабагиева, жасөспірімдік алкоголизм, кумискул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]