Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жарақаттанудағы алғашқы көмек

Жаралар кесілген, жұлмаланған-соғылған, шабылған, оқ тиген, күйген, тістелген және т.б. болып келеді. Кеуде мен құрсақ қуысына енген және енбеген жаралардың болуы мүмкін. Тістелген жаралар, шарт бойынша нашар жазылады және құтырудың жұқпалануымен қауіпті.
Жарақаттануда негізінен науқас адамды ауруханаға жатқызған абзал. Тек кейбір беткейлі жараларды жапа шегушінің өтініші бойынша үйде емдеуге болады.
Шарт бойынша, жарақаттануда әр түрлі қарқындылықтағы қан кетулер кездеседі. Бұл кездерде артериалды, көк тамырлы (венозды) және капиллярлы қан кету түрлерін ажырата білу қажет. Өйткені олардың түрлеріне байланысты жасалатын іс әрекеттер мен берілетін көмек түрлері әр түрлі болады.
Қан тоқтағаннан кейін мүмкіндігінше жараның шетіне йод немесе йодонат немесе 1% бриллиант көгі ерітіндісін жағады, жараға дәкелік сулық немесе таза шүберек қойылады, дәкемен таңылады.
Алғашқы көмек көрсетуде мыналарды мүлдем жасауға болмайды:
- жараны жууға,
- кез келген бөгде затты суырып алуға,
- жараға йодқа батырылған мақтаны қоюға.

Нурсулу Аманбаевна ТАГИБЕРГЕНОВА,
хирургиялық кабинет мейірбикесі,
облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы
 

Сурет www.new-autoshkola.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.03.2015)
Просмотров: 1209 | Теги: жарақаттану, нурсулу, алғашқы көмек, тагибергенова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]