Әрбір адамда кейде “мен есікті жаптым ба?”, “үтікті токтан ажыраттым ба?” деген сияқты қауіпті ойлар пайда болады. Алайда белгілі бір жағдайларда мұның жабысқақ сипат иеленуі мүмкін. Басқаша айтқанда синдромға немесе жабысқақ жай-күй неврозына айналады.
Жабысқақ невроз 2 негізгі түрде өтеді. Біріншісі таза обсессиялар: айналасындағыларға зияны тиюден қорқу (туыстарын ренжіту, газды өшірмеу), болуы мүмкін агрессия (әлдекімді ұру, жүргіншіні көлікпен қағып кету), үйреншікті әдетті қалай жүзеге асыруды “ұмыту” (төсекте ұзақ жатқаннан кейін жүруді естен шығару, рөлдің мәтінін ұмыту), белгілі бір сөз тіркестерін жәй қайталау және т.б.
Обсессияның екінші түрінде кейде мистикалық сипат иеленетін салт дәстүрлердің туындауы және оны мүлтіксіз орындау. Қолды жиі жуу, әлдебір затты қайта-қайта санау, әлдекімді немесе әлденені көру тілегі және с.с.
Бұл невроздар емдеуші маманның араласуын және науқастың туыстарының белсенді қатысуын талап етеді.
Гульжан Жайсанбаевна ЕРМАГАНБЕТОВА,
мейірбике,
№4 әйелдер бөлімшесі,
облыстық психоневрологиялық аурухана
Сурет www.zoonoz.ru сайтынан алынды
|