Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Зәрдің жедел кідірісіндегі алғашқы көмек

Зәрдің жедел кідірісі тұтқиылдан пайда болуы мүмкін.
Науқас қуықтың толғанына қарамастан түзге шыға алмайды. Несепке отыру актісін жүзеге асыруға талпынысының нәтижесіз болуына байланысты сырқат мазасыз, жағдайы ауыр.
Зәрдің кідіру себебіне әр түрлі кеселдер жетелейді: простата аденомасы, қуықтағы немесе зәр шығару каналындағы обтурациялаушы (бітеуші) тас, жедел простатит, уретраның жарақаттануы, іш қату және т.б.
Алғашқы көмек
- зәр шығаруды рефлекторлы шақыруға талпыныс – қуыққа жылытқыш қою, суы бар шүмекті ашу;
- дәрігерді шақыру;
- зәрді жинауға таза ыдыс, стерильді катетер, дәрет алуға жылы антисептикалық ерітінді дайындау;
- пациентті дәрет алдыру, астын жуындыру;
- дәрігердің нұсқауы бойынша жұмсақ катетермен катетеризация жүргізу. 

Бибанар Сагимбаевна ТАНСЫКБАЕВА,
мейірбике,
“Аманкелді” бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Сырдария аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Сырдария ауданы

Сурет www.uro-web.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (04.04.2015)
Просмотров: 4328 | Теги: зәрдің жедел кідірісі, бибанар, алғашқы көмек, тансыкбаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]