Подагра, несеп және щавель қышқылдарынан құралған тастар түзілуімен бірге бүйрекке тас байлану дертінде №6 стол нұсқалады. Столдың жалпы сипаттамасы: пурин, щавель қышқылы көп азық-түліктерді жолатпау, натрий хлоридін аздап шектеу, сүт өнімдерін, көкөністер мен жемістерді көбейту.
Тамақ ішу режімі тәулігіне 4 рет, арасында және ашқарында сұйық ішу.
№7 диетаны жедел нефритте сауығу кезеңінде (емнің 3-4-ші аптасынан бастап), асқынусыз және бүйрек тапшылығынсыз созылмалы нефритте нұсқайды.
Бұл столда ақуыздар аздап шектелген, майлар мен көмірсулар – физиологиялық норма шегінде. Тағамды натрий хлоридінсіз әзірлейді. Науқасқа тұзды дәрігер көрсеткен мөлшерде (3-6 г және одан көбірек) береді.
Тағамдану режімі күніне – 4-5 рет. №7 диeтaның №7 а, №7 б, №7 в және №7 г сияқты нұсқалары болады. Зәрдік сілтілік реакциясы бар бүйрекке тас байлануда, пиелоциститтерде, фосфатурияда №14 диета нұсқалады.
Нуржамал ЖЫЛКЫБАЕВА,
емдәм (диета) мейірбикесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы
Сурет naturhleb.ru сайтынан алынды
|