Ыстық ұру – сыртқы жылу факторларының әсерінен организмнің жалпы күрт қызынуынан туындайтын патологиялық жағдай. Себептері – қоршаған ортдан жылудың шектен тыс түсуінен пайда болатын термореттеудің бұзылуы.
Алғашқы көмек
Зардап шегуші көлеңкелі немесе салқын бөлмеге жеткізіледі. Киімін шешіп, басына киімнен орама жасап көтеріп, денесін салқын сумен жуады немесе ылғалды жаймаға не көрпешеге орайды. Науқастың басына мұзды немесе салқын сулы қауақ, компресс қойылады.
Зардап шегушінің есі сақталса оған салқындатылған сұйықтарды, суды, шәйді, кофені, шырынды береді. Естен танса мүсәтір спиртін қолдануға болады.
Тыныс алу бұзылыстарында және жүрек қызметі нашарлағанда жасанды тыныс алдыру (ЖТА), жүректің жанама массажы (ЖЖМ) жасалады, қажетті дәрі-дәрмектер беріледі.
Умиткуль Байгабыловна ЖУМАШЕВА,
шақыру фельдшері,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
Сурет aifudm.net сайтынан алынды |