Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Вирусты гепатиттің алдын алу шаралары

Вирусты гепатит жиi кездесетiн жұқпалы аурулардың бiрi. Негiзiнен бауыр зақымданып, зат алмасуы бұзылады. Ауру көзi - дертті адам және қоздырғыш вирус тасымалдаушы.
Бастапқы немесе сарғаюға дейiнгi кезеңде сырқаттың жалпы жағдайы бұзылады - шаршағыш болып, тәбетi төмендейдi, денесiнiң қызуы көтерiледi, кекiрiк пайда болады, буындары сырқырап, бауыр тұсы ауырады, жүрегi айнып құсуы мүмкiн. Аурудың өрiстеу немесе сарғаю кезеңi көздiң, ауыздың шырышты қабығының, таңдайдың, терiнiң сәл сарғыштан қою сары түске дейiн боялуымен сипатталады. Бауыры мен көк бауыры iсiп денесiнде қызарған бөртпелер пайда болады.
Алдын алу шаралары:
- жеке бас гигиенасын қатаң сақтау: әжетханадан соң мiндеттi түрде қолды сабындап жуу;
- шыбындарды жою;
- ауыз суының тазалығына көңiл бөлу, арықтардан су iшпеу;
- жемiс-жидектер мен көкөнiстердi ағын су астында жуып тазарту;
- қан арқылы таралатын вирусты гепатиттiң жолын кесудiң нақты тәсiлi – бiр реттiк қолданыстағы медициналық аспаптарды пайдалану, құйылатын қанның қауiпсiздiгiне жете көңiл бөлу, шаштараздағы және косметикалық салондардағы құралдардың талапқа сай зарарсыздандырылуы және ең бастысы вирусты гепатитке қарсы егу.
-    
 

Гулнара ДАЛАЕВА,
фельдшер,
“Қожакент” дәрігерлік амбулаториясы,
“Амбулаториялық -емханалық қызметі бар
Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы”,
ЖШҚ МКК,
Жаңақорған ауданы

Сурет vocmp.oblzdrav.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 2134 | Теги: алдын алу шаралары, гулнара, далаева, вирусты гепатит | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]