Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Вирусты гепатиттердің профилактикасы

Гепатит – бұл бауыр тінінің қабынуы. Гепатиттердің вирусты немесе вирусты емес сипат иеленуі мүмкін.
Вирусты гепатитті А, В, С, Д, Е, ТТV және басқа вирустар шақырады.
Гепатитті жұқтырып алмау үшін мынадай ережелерді ұстану керек:
- Қайнамаған су ішпеу, жемістер мен көкөністерді әрқашан жуу, азық-түліктерді термикалық өңдеу. Осылайша оның берілуі сырқат адамның нәжісмен ластануға сабақтас “А” гепатитінің жұғуына тосқауыл қоюға болады.
- Тұтастай алғанда басқа адамдардың биологиялық сұйығымен контакттан аулақ болу керек. В және С гепатиттерінен сақтаунда бұл – ең алдымен қанмен жұғысыты болмау. Қан микроскопиялық көлемде ұстарада, тіс щеткасында, тырнаққа арналған қайшыларда қалады. Бұл заттарды басқа адамармен бөлісуге болмайды.
- Медициналық мекемелерде гепатитердің жұғуының профилактикалық шаралары жүргізіледі. Дегенмен, егер он-он бес жыл бұрын эндоскопиядан өтіп немесе тіс емдетсеңіз – тексерілу қажет.
- Заласыздандырылмаған аспаптармен пирсинг және татуировка жасатпаңыз.
- В және С гепатиттерінің жыныстық жолмен таралатынын ескеріңіз.
- Гепатиттің “тік” жолмен – анадан балаға жүктілік, бала босану және емшек емізу кезінде таралу мүмкіндігі есте болсын.
- Өзіңізді мүлдем қаупсіз сезіну үшін гепатитке қарсы вакцианциядан өтіңіз.  

Жанар Советовна СЕРЖАНОВА,
фельдшер,
“Амбулаториялық емханалық қызметі бар
Арал аудандық орталық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
“Қосаман” дәрігерлік бекеті,
Арал ауданы

Сурет www.zdrav.kz сайтынан алынды

 

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (17.09.2014)
Просмотров: 1642 | Теги: Жанар, вирусты гепатит, алдын алу, сержанова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]