
В гепатиті - өзіне тән вирус шақыратын, көбіне бауырды зақымдайтын жұқпалы кесел. Ол жедел және созылмалы түрде өтеді. В гепатитінің алдын алу үшін оның жұғу жолдарына жете көңіл аударған жөн. Олар мыналар:
- жыныстық жолмен;
- анасынан баласына туу кезінде;
- зарарланған адам қанымен контактқа түскенде;
- бір тіс щеткасын, сақал қырғышын, ысқышын, маникюрлік жиынтығын бірлесіп қолданғанда;
- емдік және диагностикалық мақсаттағы медициналық манипуляцияларда;
- құлақ тескенде, пирсингте, инемен емдегенде, татуировка салғанда стерильді емес инелерді пайдалану;
- стерильді емес шприцтерді қолданғанда (нашақорларда);
- пациенттер қан препараттарын қабылдағанда;
- есірткі тұтынғанда;
- балаға тамақты алдын ала шайнап бергенде.
Кулжахан Абдикалыковна КЕРИМОВА,
мейiрбике,
Гепатоорталық,
облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы
Сурет meddoc.com.ua сайтынан алынды
|