Уытсыздандыру (детоксикация) – бұл түрлі уытты заттарды химиялық, физикалық немесе биологиялық әдістермен жою және зарарсыздандыру.
Детоксикация негізінен нашақорлықтағы және алкоголизмдегі оңалтуда (реабилитацияда) қажет. Уытсыздандыру сондай-ақ организмді токсиндерден жалпы тазарту үшін қолданылады.
Ғылыми зерттеулерде есірткінің немесе басқа улардың қалдықтарының дененің майлы тінінде қалатыны және ұзақ жылдар бойына сонда сақталатыны дәлелденген.
Сол себепті бұл кезде детоксикация қажет. Стандартты кестеге сай адамдардың көбісіне детоксикация 2-3 апта бойына жүргізіледі.
Детоксикация өз бойына жүгіруді, саунада терлеуді, дәрумендер (витаминдер) мен минералды заттарды қабылдауды жинайды. Мұның бәрі организмде жиналған уытты заттарды сыртқа шығаруды көздейді.
Детоксикация кезінде денеге үлкен физикалық жүк түсетіндіктен оны бастар алдында дәрігерден рұқсат керек.
Ешқандай дәрі-дәрмекті, гипнотикалық тылсымдауды, күштеу мен код жасауды қолданбайтын детоксикация организмнен есірткілерді шығарудың ең ықпалды және табиғи тәсілі болып табылады. Уытсыздандыру есірткілік тәуелділіктен құтылу бағдарламасының негізгі бөлігі болып есептеледі.
Ең ықпалды уытсыздандыру бұл - биологиялық тәсілдерді қолдану арқылы жүргізілетін детоксикация. Детоксикация организмді уытты заттардан және ақыл-ой мен денеге олардың зиянды әсерлерінен тазартудың жолы.
Гулзабида Солиховна ХУДАЙКУЛОВА,
№5 наркологиялық бөлімше мейірбикесі,
«облыстық наркологиялық орталығы» ШЖҚ МКК
Сурет narcomana.net сайтынан алынды
|