Уытқұмарлықтың бірінші реттік профилактикасының жүйесінде жоғары қауіп тобындағы жасөспірімдермен атқарылатын жұмыс маңызды болып есептеледі. Мұндай топқа санасында патологиялары бар жастар, ата-аналары созылмалы маскүнемдіктен немесе психикалық кеселдерден зардап тартатын, ата-тегі қиындаған балалар енеді.
Уытқұмарлықтың профилактикасы – жалпы әлеуметтік мәселе. Онымен көптеген қоғамдық қызметтердің айналысуы тиіс. Бұған тек түсіндіру, ағарту және тәрбиелеу жұмыстарымен қатар есірткілік заттарды дайындау, тарату, сақтау, кәмелетке толмағандарды қатарына тартумен айналысатын адамдарға жаза қолдану да кіреді.
Уытқұмарлықтың медициналық профилактикасы бұл:
- санитарлық ағарту,
- уытқұмарлық оқиғаларын дер кезінде анықтау,
- емдеуден соң ремиссиясын бақылау,
- екінші реттік профилактика (уытқұмарлықтың рецидивтерінің алдын алу).
Нургуль Жаксыбаевна БАЗАРОВА,
мейірбике,
№4 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК
Сурет eskulap-narkologia.ru сайтынан алынды
|