Ұшпалы органикалық ерітінділердің буын ішке жұтуға негізінен сегізден он алты жасқа дейінгі балалар қызығушылық танытты, сонымен бірге мұндай «әуестік» қазіргі күнге дейін кейбір жерлерде кездесіп қалады.
Ең жиі тұтынылатын ингалянттар – желім, бояуды еріткіштер, химиялық тазалауға арналған сұйықтықтар, шақпақ үшін газ, бензин, тырнаққа арналған лак – тұрмысы төмен отбасы балаларына өздерінің бағасының төмендігімен және саудадағы қол жетімділігімен кеңінен танымал болды.
Бумен мастану алкогольдікке ұқсас. «Иіскеуші» өзінің басынан жағымды шуылды, көңіл-күйінің көтерілуін, жылуды және босаңсуды сезінеді. Одан соң сана айқындығынан айрылады, анық (реалды) айнала көз алдаушы (иллюзия) түрінде қабылданады.
Мастанудың келесі фазасында галлюцинациялар экранда білінеді. Оларды күшейтуге немесе оларды тек ең басында тоқтатуға болады, одан кейін олар бейберекет қозғалады. Мастанудан шығу дене дел-салдығымен, бас ауруымен және жүрек айнуымен бірге жүреді.
Есірткілік жағдайда мөлшерден тыс болу кездеседі – бұл балалардың өлімінің жиі себебі.
Буларды созылмалы шектен тыс қабылдау нәтижесінде салмақтың күрт азаюы, ауыз қуысының кілегей қабығының қабынуы пайда болады. Зиянды заттар ішкі ағзаларды зақымдайды: қарын, ішек, бүйрек қабынулары, орталық нерв жүйесі мен жұлын қызметінің бұзылуы, қан аздылықтың ауыр түрлері және ішкі ағзалардағы жасырын қан ағулар.
Буды ішке тыныстаудың тағы бір қауіпті зардабы есірткілік заттарға тәуелділік болып табылады, бұл өз кезегінде барынша наркогендік есірткілерге өтуге жетелейді.
Санимкул Сахитжановна ТУРГАЗИЕВА,
мейірбике,
№4 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК
Сурет blessing.ru сайтынан алынды
|