Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Үсудің белгілері

Үсу кезінде тіндер суықпен зақымданады – одан арғы тромбоздармен бірге қан тамырларының ұзақ түйілуі (спазмы) тіндердегі трофикалық және некротикалық бұзылыстарға жетелейді. Үсу қоршаған ортаның температурасы 0оС-ден төмен болғанда туындайды. Көбіне саусақтар, сирегірек – құлақ, мұрын, жақ, табан үсиді. Алкогольдік мастануда үсу жиі туындайды. Одан басқа бұл организмнің жалпы жаурауымен бірге өтеді.
Зақымдану ауаның ылғалдануы жоғары және температурасы төмен болғанда тезірек пайда болады. Ауыр үсулерде ентігудің, тахикардияның, қан қысымының төмендеуінің білінуі ықтимал.
Үсудің І дәрежесі – тері көгіс тартқан; ІІ дәрежесі – мөлдір сұйығы бар көпіршіктер, ІІІ дәреже тері көкшіл-қызғылт тартып, қан түстес сұйығы бар көпіршік пайда болады, терінің некрозы дамиды, ІV дәреже – тері мен оның жанындағы тіндердің бар тереңдік бойына, тіпті сүйекке дейін некрозы, бір аптадан соң – ылғалды немесе құрғақ гангрена туындайды.

Роза Маханалиевна АЛЬЖАНОВА,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы

Сурет medgost.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.03.2015)
Просмотров: 1174 | Теги: үсу белгілері, үсу дәрежелері, Роза, альжанова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]