Үсу құбылысы суық кездерде жиі байқалады. Бұл кезде көмек көрсетуді үсіген аймақты жылытудан бастау керек. Нақты тәсілдер жағдайға байланысты өзгеріп тұрады. Зардап шегушіні бөлмеге не басқа жылы мекен-жайға әкеледі. Егер мүмкіндік болып жатса, үсіген аумақты суы бар ваннада температурасын 36оС-ден 40oС-ге дейін 15 минут ішінде көтеріп жылытады. Сонымен бір мезгілде қол-аяқтарын шетінен орталыққа дейін уқалайды. 30 минуттен кейін сол жерді құрғатып сүртіп, спиртпен өңдейді, сыртынан қалың қабатта мақта қойып құрғақ стерильді таңулар жасалады.
Бет пен құлақ үсігенде оларды таза қолмен немесе жұмсақ матамен қызарғанша ысқылайды, спиртпен және вазелин майымен өңдейді. Ысқылау үшін қарды пайдалануға болмайды. Ол терінің үстіңгі қабатының зақымдануын шақырады.
Жергілікті шаралармен қатар ыстық шәй беріп және жылы көрпешеге орап жылыту қажет. Егер үсу көпіршіктің және некроздың пайда болуымен бірге жүрсе, науқасты міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек.
Калдыгул Тугельбаевна БЕЛГИБАЕВА,
шақыру фельдшері,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
Сурет www.ayzdorov.ru сайтынан алынды
|