Қыс айларында адамдарда үсу оқиғалары жиі ұшырасады. Көбіне алкогольді немесе есірткіні қабылдаған тұлғалар суықты елемей, кейде мас күйінде далада қалып қояды. Нәтижесінде олардың денесін әр түрлі дәрежедегі үсік шалады. Үсік – бұл төменгі температураның әсерінен тіндердің зақымдануы. Үсу себептері әр түрлі: суықтың, желдің ұзақ әсері, жоғары ылғалдылық, тар және ылғалды аяқ киім, қимылсыз кейіп, зардап шегушінің нашар жалпы жай-күйі – ауыру, жүдеу, алкогольдік мастану, қан кету және с.с. Қол-аяқтың ұштары, құлақ, мұрын үсуге бейім.
Үсудің төрт дәрежесі болады.
Алғашқы көмектің мәні жапа шегушіні шұғыл және әсіресе дененің үсіген бөліктерін жылыту. Бұл үшін оны жылы бөлмеге әкеледі. Ең алдымен дененің үсіген бөлігін жылыту, ондағы қан айналысын қалыпқа келтіру қажет. Мұны жылы ваннаның көмегімен ықпалды жасауға болады. 20-30 минут ішінде су температурасын біртіндеп 20оС-ден 40оС-ге дейін көтереді. Қол-аяқты сабындап жуып кептіреді, зақымданған телімге стерильді таңғыш қойылады және қымтап жабады. Денеге май және жақпа май жақпау қажет. Дененің үсіген бөліктерін қармен ысқылауға болмайды, өйткені бұл үсуді күшейтеді, ал мұз түйіршіктері теріні жарақаттап, үсу аймағының жұқпалануына жетелейді.
Денені жалпы қыздыру үшін ыстық кофе, шәй, сүт беріледі. Жапа шегушіні тез арада медициналық мекемеге жеткізу қажет.
Салтанат Мырзабековна ШУЙШБАЕВА,
эндоскопия және бала хирургы кабинет мейірбикесі,
облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы
Сурет medpuls.ne сайтынан алынды
|