Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Уланудағы медициналық көмек

 

Удың адам организміне түсу жолдарына қарамастан медициналық көмек емдік шаралардың 3 түріне негізделеді:
1) организмге удың түсуін тоқтату және уды одан шығару;
2) уды организмде уға қарсы затпен (антидотпен) зарарсыздандыру;
3) организмнің өмірлік маңызды негізгі қызметтерін (функцияларын) ұстап тұру, демеу.
Алғашқы медициналық көмек көрсету практикасында организмнен уды шығарудың мынадай әдістері қолданылады: асқазанды (қарынды) жуу, адсорбенттерді және іш өткізетін дәрілерді қолдану, клизма қою, тері мен шырышты қабық беттерінен уды механикалық алып тастау, сондай-ақ жуу мен спринцтеу, диурезді күшейту (сұйықты көп, молынан ішу, зәр айдағыш бұйымдарды қолдану).
Алғашқы медициналық көмекті көрсеткенде уға қарсы бұйымдарды қолдану тек табелдік жабдықтар (мысалы, санитарлық сөмке) болғанда ғана жүзеге асады. 
Организмнің өмірлік маңызды функцияларын ұстап тұру қарапайым реанимациялық амалдарды қолдану арқылы атқарылады.
 
 

Асия Танирбергеновна АХМЕТОВА,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы

Сурет www.skalpil.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.03.2015)
Просмотров: 780 | Теги: асия, антидот, улану, ахметова, адсорбент, алғашқы медициналық көмек | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]