Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Уақытша естен танудың себептері

Қысқа мерзімді естен тануға әр түрлі себептер жетелейді. Оның негізінде мидың оттегілік ашығуы жатады. Оны ми қан тамырларының түйілуі (спазмы - қорқу, қатты ауыру), дем алатын ауадағы оттегінің аз болуы (тар бөлме), қан қысымының күрт төмендеуі (гипотензивтік препараттарды, ганглиоблокаторларды қабылдау, шалт орыннан тұру) шақыруы ықтимал. Сондай-ақ оны елеулі кеселдердің де шақыруы мүмкін (ішкі қан кету, брадикардияға бейім жүрек ырғағының бұзылысы). Уақытша естен тану қояншықтың (эпилепсияның) белгісі ретінде де білінеді.
Естен танар алында жайсыз сезіну, әлсіздік, жүрек айну болады. Науқас құлап және жерге баяу төмендейді. Беті бозарып, қарашықтары кішірейеді. Алайда жарыққа реакциясы сақталады. Артериалды қысым төмендеген, тамыр соғысы әлсіз. Көлденең кейіпте естен тану тез тиылады, есі кіреді, беттері қызарады, науқас күрсініп, терең дем алып, көзін ашады. Алайда уақытша естен танудың аяқталуына жайбарақаттық танытуға болмайды. Бұл жай-күйдің пайда болу себебін анықтау қажет.

Роза Маханалиевна АЛЬЖАНОВА,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы

Сурет www.zdorovieinfo.ru  сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (16.03.2015)
Просмотров: 1630 | Теги: уақытша естен тану, себептері, Роза, альжанова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]