Егер мүмкіндік болып жатса уақытша естен тануы бар адамды аяғын көтеріп, шалқасынан жатқызыңыз. Егер науқасты жатқызуға мүмкіндік болмаса (көшеде, көлікте), оны отырғызып, басын тізесінен төмен немесе тізесіне дейін түсіруді сұраңыз.
Оның денесін қысқан киімнің бөліктерін ағытыңыз және таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз. Бет, мойын терісін суық сумен ысқылаңыз немесе су бүркіңіз.
Тері астына 10% - 1 мл кофеин және 2 мл кордиамин енгізуге болады.
Көбіне былай болады. Уақытша естен танудан соң адам өзіне көпшіліктің назарының ауғанын байқап, қысылады және одан арғы көмектен бас тартады. Оған естен танудың қайталау қауіпінің мүмкін екенін және қараусыз қалуға болмайтынын ескертіңіз. Уақытша естен танудың органикалық тегі болғанда ауруханаға жатқызу және сырқатты тексеруден өткізу керек.
Кундызай Алматовна НАУРЫЗБАЕВА,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
Сурет dic.academic.ru сайтынан алынды
|