Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Тырысқақтың профилактикасы

Тырысқақ (холера) аса қауіпті індет ретінде халықтың жаппай зақымдануымен өтетін қатерлі кесел ретінде танымал. Сондай-ақ оның сырттан тасымалдану қауіпі бар. Сол себепті холераның алдын алу маңызды.
Бұл кеселде жалпы санитарлық шаралар аса мән иеленеді. Бұл су көздерін қадағалау, қоғамдық тамақтану орындарындағы тағам өнімдерінің әзірленуін, сақталуын және сатылуын бақылау, шыбындарға қарсы пәрменді күрес жүргізу, қоқыстар мен боқтықтардың көзін құрту мен залалсыздандыру, адамдардың жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы.
Тырысқақ кеселі пайда болғанда науқастанған адамдарды ерте анықтау және оқшаулау қажет. Холераның ошағында күнделікті үй аралау шарасы атқарылады. Науқастар холералық стационарға жатқызылып, онымен контактта болғандар арнайы оқшаулау мекен-жайларына орналастырылады. Ошақтан тысқары шығатын адамдар алдын ала 5 тәулікке обсерваторға жолданып, бір рет бактериологиялық тексеруден өтеді (обсервация).   

Айгерим Сериковна ЖУМАБАЕВА,
қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет hnb.com.ua сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (06.04.2015)
Просмотров: 1244 | Теги: тырысқақ (холера), жумабаева, Айгерим, профилактика, обсервация | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]