Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Тыныс алу жолдарының жұқпаларындағы мейірбикелік күтім

Тұмау (грипп) және басқа респираторлық кеселдердегі мейірбикелік күтімнің ерекшелігі мұндай науқастарда геморрагиялық сипат иеленуі мүмкін өкпе қабынуының (пневмонияның) ауыр ағымының болуына байланысты. Өкпенің қабынуы бар сырқатқа төсекте оның тыныс алуы мен жүрек жұмысына ыңғайлы кейіп беріледі, керуеттің бас жағын сәл көтереді және басы мен кеудесінің жоғары бөлігінің астына 2-3 жастық қойылады.
Тыныс жолдарының тазалығы мен өткізгіштігі назарда ұсталады. Мұрын жолдарын, жұтқыншақты және ауыз қуысын ондағы жиналып қалған кілегей мен түзілген қабыршақтардан тазартып әлсін-әлсін қарау қажет. Кебірсіген еріндер мен шырышты қабықтарға тұзсыз сары майды және глицеринді жағады. Оттегін тек майларды жағып болған соң 10-15 минуттен кейін беруге болады. Мұрын катетерлері арқылы оттегін жиі және ұзақ бергенде мұрын жолдарының шырышты қабықтарының зақымдануына және ойылмауына көңіл бөлген жөн.
Респиарторлық жұқпалары бар сырқаттарда аса ауыр энцефалиттердің және менинго-энцефалиттердің дамуы мүмкін. Тұмауда нерв жүйесіндегі бұл өзгерістер геморрагиялық сипат иеленеді. Мұндай науқастар есінен танады және комаға түседі, бірақ бұлардың алдында оларда кейде галлюцинациялармен бірге жедел психоз дамиды. Сондықтан олардың төсегінің жанында жеке мейірбикелік күзет орнатылады.
Есінен айырылған жағдайдағы науқастарға күтім жасау кезінде барлық ағзалар мен жүйелердің қызметін бақылау, әсіресе бірінші кезекте жүрек пен тыныс алу ағзаларының жұмысына көңіл аудару керек.
Невриттерде (иық, бел) басқа бұйымдармен қатар онша ыстық емес жылытқыш пен рефлекторы бар электр шамының жарығы түріндегі жергілікті құрғақ жылу жақсы ықпал береді. Бөлімшенің медицина қызметкерлерінің жұмысының әрбір 3-4 сағатында ауыстырылатын маска тағуы тиіс.       

Кенжегуль Жарылкасыновна ТУРЕБАЕВА,
мейірбике,
бокс бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет m-sestra.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (06.09.2015)
Просмотров: 1372 | Теги: респираторлық кеселдер, тұмау, мейірбикелік күтім, туребаева, кенжегуль | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]