Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Тыныс алу бұзылыстарындағы алғашқы медициналық көмек

Тыныс алу бұзылыстарының ентігумен, тұншығумен, тыныс алудың тоқтауымен білінуі ықтимал. 
Тыныс алудың тоқтауы қиын жағдай болып табылады. Апноэға жетелейтін себептер алуан түрлі: бөгде денелер, кеңірдектің ісіктік зақымдануы, ауыр өтетін қабынулық кеселдер, нервтік-бұлшықеттік дерттер, тыныштандырғыш бұйымдардың және есірткілердің шамадан тыс тұтынылуы, суға кету мен асылу, электр жарақаты және басқалары.
Белгілері: тыныс алу тоқтағаннан кейін – үдейтін цианоз, артериалды қысымның күрт төмендеуі, естен айрылу. Көбіне естен танудың алдында құрысулар болады. Көп кешікпей жүрек қызметі тоқтайды. Клиникалық өлім туындайды.
Алғашқы медициналық көмек:
- тыныс алу жолдарын кілегейден, бөгде заттардан арылту;
- тілдің артқа құлауын жою;
- өкпенің жасанды желдендірілуін – ӨЖЖ (вентиляциясын) және жүректің жанама массажын (ЖЖМ) жүргізу. 

Асия Сапабековна ИБРАЕВА,
шақыру фельдшері,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
 

Сурет pulmonls.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.03.2015)
Просмотров: 5058 | Теги: асия, ЖЖМ, ибраева, ӨЖЖ, тыныс алу бұзылыстары, алғашқы медициналық көмек | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]