Түсiк (аборт) әйелдiң денелiк (физикалық) денсаулығы үшiн де және психологиялық жай-күйi үшiн де ауыр жарақат болып табылады. Бұл кезде қайта қалпына келу, ең қысқа мерзiмде толыққанды өмiрге оралудың маңызы зор. Толық оңалу мерзiмi әрбiр әйелде жеке болады. Сондай-ақ ол түсiктiң түрiне де байланысты (фармакологиялық, хирургиялық немесе кiшi түсiк).
Жалпы ережелер:
- түсiктен соң ең кемi үш апта жыныстық қатынастан тиылу қажет. Түсiктен кейiнгi алғашқы етеккiр аяқталғанша сексуалдық контактқа тиым салынады.
- хирургиялық түсiктен кейiн екi апта бойына дене еңбегiмен айналысуға және ауыр заттарды көтеруге болмайды.
- әйелдiң өз денсаулық жағдайын мұқият қадағалап, қан қысымын, дене қызуын және тамыр соғысын ұдайы өлшеп, кез келген ауытқу байқалғанда дәрiгерге қаралуы тиiс.
- түсiктен соң ванна қабылдауға, бассеинде немесе ашық су көзiнде шомылуға болмайды. Жуыну үшiн тек жылы душ қабылданады.
- бұл кезеңдегi тағамның дұрыс және толыққанды болуы тиiс.
- iшек пен қуықты дер кезiнде босатқан жөн, өйткенi бұл кезде кiшi жамбаста қабыну үдерiстерiнiң түзiлу қауiпi бар.
- интимдiк гигиена талаптарын мiндеттi түрде орындау қажет.
- iш киiм тәулiгiне екi рет – таңертең және кешке ауыстырылады.
Жанат Абдуганиевна СЫЗДЫКОВА,
мейірбике,
гинекологиялық бөлімше,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Шиелі аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Шиелі ауданы
Сурет www.neboleem.net сайтынан алынды
|