Тұншығу (асфиксия) – бұл оттегінің жетіспеуіне және организмнің қаны мен тіндерінде көмірқышқыл газының артуына жетелейтін тыныс алу қиындығы. Тұншығу тері жамылғыларының көгеруімен бірге өтеді. Астмадағы тұншығу әдетте түнде болады, күндіз сирек ұшырасады.
Алғашқы көмек
- бронхиалды немесе жүрек астмасында науқасты отырғызады, таза ауа келуін қамтамасыз етіп, аяғын ыстық суға салады;
- көмейдің аллергиялық ісінуінде шұғыл дәрігер шақыртқан жөн;
- егер тұншығуды бөгде зат шақырса, оны алып тастауға тырысады. Егер зат көрінбесе, науқасты алға еңкейтіп, итерілу күйде қабырғаның төменгі сызығынан қолмен қысады. Өкпеде қалған ауа бөгде затты сыртқа итеріп шығарады;
- күш қолданылған, зорлық тұншығуында зардап шегушіні дем алдырмайтын заттан (көмейін қысқан заттан, мойнындағы арқаннан және т.б.) тез босатып, дәрігер шақырады.
Сауле Капановна АБСАДЫКОВА,
анестезистка,
реанимациялық және анестезиологиялық бөлімше,
облыстық медицина орталығы
Сурет www.naim.ru сайтынан алынды
|