Тұмау (грипп) – тұмау вирусы шақыратын тыныс алу жолдарының жедел инфекциялық кеселі. Қазіргі кезде тұмау вирусының 2000-нан астам нұсқасы анықталған.
Жұқпа көзі – кеселдің анық немесе жасырын формасы бар науқас адам. Берілу механизмі – аэрозолды.
Берілу жолдары – ауалық, ауалық-тамшылық, тамшылық, шаңдық. Инфекцияның кең тараған таралу жолы – ауалық-тамшылық. Жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 3 күнге дейін, әдетте 1-2 тәулік.
Негізгі білініс кезеңіндегі симптомдар:
- дене қызуының күрт жоғарылауы (38оС-40оС дейін);
- қалтырап-дірілдеу;
- бұлшықеттердегі ауыру;
- маңдай мен самай тұсындағы бас ауыруы;
- шаршау сезімі;
- мұрыннан бөлініс жоқ;
- мұрындағы және жұтқыншақтағы анық білінетін құрғау сезімі;
- төс астындағы ауырумен бірге жүретін құрғақ, қарқынды жөтел.
Тұмаудың ауыр түрлерінде:
- қан тамырлы коллапс;
- ми ісінуі;
- геморрагиялық синдром дамиды және екінші реттік бактериалдық асқынулар қосылады.
Гулсара Хамитовна ЖАХАНОВА,
мейірбике,
балалар ішек аурулары бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Сурет www.likar.info сайтынан алынды
|