Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН-АЛУ АМАЛДАРЫ

Тұмау жедел антропонозды, вирус арқылы жұғатын, жалпы уыттанумен, жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттарының және көмейдің де, кеңірдектің де зақымдалуымен сипатталатын жедел респираторлы жұқпалы ауру.
Вирустар сыртқы ортада төзімсіз, төменгі температурада жақсы сақталады, қыздырғанда, қайнатқанда, ультракүлгін сәулесіне, қарапайым залалсыздандыру препараттарына төзімсіз.
Жұқпа көзі - науқас адам. Ол кеселдің алғашқы күндері өте қауіпті. Вирус сөйлегенде, жөтелгенде, түшкіргенде бөлінеді. Жұғу жолы – ауа тамшылары арқылы. Қоздырғыштың белсенділігі елді мекендегі халықтың саны мен тығыздығы, орналасуы көбейгенде арта түседі.
Вирустың ену қақпасы - жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаты болып табылады.
Ауру дене қалтырауымен, дене қызуының 38-400С-қа көтерілуімен жедел басталады. Науқас басының маңдай, самай бөліктерінің ауыруына шағымданады. Бұлшықеттердің, сүйектердің, ірі буындарының сырқырауы болады. Әлсіздік, шаршағыштық, басының айналуы, тәбетінің төмендеуі білінеді. Бірінші тәуліктің соңына қарай жұтқыншақ құрғап, қышиды және мұрын бітеледі.
Аурудың жеңіл түрлері үй жағдайында емделеді. Науқасты жылы, жақсы желдетілетін бөлмеге орналастырады, сүтті тағамдар нұсқалады. Сондай-ақ көп мөлшерде сұйық ішкізу қажет, аяқты жылы суға малып, қыша қағаздарын қояды.
Алдын алу амалдары:
- науқасты оқшаулау;
- айналасындағы адамдар мен емдеуші медқызметкерлер міндетті түрде бет перде (маска) тағуы керек;
- аурухананың палаталары және дәліздерін ультркүлгін сәулемен зарарсыздандыру;
- карантин жариялау;
- тұмауға қарсы вакциналық егу жұмыстарын жүргізу;
- тұмауға қарсы препараттарды, майларды қолдану.

Жадыра Уалибековна ТИЛЕСОВА,
мейiрбике,
балалар жұқпалы аурулар бөлiмшесi,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

 
Сурет cdt-reft.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 1525 | Теги: тұмау, жадыра, тилесова, алдын алу амалдары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]