Тұмаудың алдын алудың 3 түрі бар. Бұл вакциналар көмегімен профилактика жасау (ерекшеліктік, вакциналық профилактика), химиопрофилактика (вирусқа қарсы бұйымдар) және жеке мен қоғамдық гигиена ережелерін сақтау (ерекшеліктік емес).
Вакцинация тұмаудың кез келген эпидемиясындағы ең сенімді қорғаныс болып табылады. Егу нәтижесінде алынған иммунитет кеселден мықты қорғайды. Маусымдық тұмауға қарсы жылма-жылғы вакцинация барлық жас топтарындағы науқастылық пен өлімді анағұрлым төмендетеді.
ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымы) 65 жастан асқан адамдарды, 6-15 жастағы балаларды, медицина қызметкерлерін және көптеген өндірістік контакты бар адамдарды міндетті түрде тұмауға қарсы егуді ұсынады.
Тұмаудың әрі қарай таралмауы үшін қарапайым санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау жеткілікті. Олар:
- науқас адаммен контакттан қашу;
- маска тағыну;
- қолды сабындап жуу;
- бөлмені тұрақты желдету;
- салауатты өмір салтын ұстану.
Тұмаудың химиопрофилактикасында «Арбидол», Интерферондар, интерферондардың индукторлары қолданылады.
Багдагул Мамаевна ЖАЛГАСОВА,
егу кабинетінің мейірбикесі,
«Жетес би» ауылдық емханасы,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
Сурет happy-babys.com.ua сайтынан алынды
|