Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулезге шалдыққан науқастардың тамақтану ерекшеліктері

Өкпе туберкулезіндегі дұрыс тағамдану науқастың салмағын қалыпты етіп қана қоймай, оған қоса организмнің уыттануын (интоксикациясын) төмендетуге және жұқпаға (инфекцияға) қарсы тұруды арттыруға да көмектеседі. Осылайша туберкулездегі сәйкесінше тамақтануды оған қарсы кешенді терапияның маңызды құрамдас бөлігі деп атауға болады.
Өкпе туберкулезі бар науқастың тағамының калориялы болуы және тәулігіне 4-5 реттен аз болмауы, барынша дәмді, тәбет шақырар түсінің және иісінің болуы тиіс. Тағамның дастарханға дайындалғаннан кейін сол кезде бірден берілуі қажет. 
Туберкулезге шалдыққан адамда ақуыздардың (белоктардың) ыдырауы дені сау адамға қарағанда жылдамырақ өтетіні ескеріліп, ақуыздық тағамның көлемі арттырылады. Оларға сүт, айран, қаймақ, ірімшік те ұсынылады. Сондай-ақ жұмыртқаның, балықтың, теңіз өнімдерінің, үй құстарының, бұзаудың, қоянның еттері де пайдалы. 
Майлардан өсімдік майы, балық майы және сары май қосылады.
Көмірсулардан жармалар, макарондық өнімдер, бидайдың наны, қара нан, тәттілерден – бал, тосап, пешеней нұсқалады.
Туберкулезге шалдыққан науқастарға жемістердің, көкөністердің және жидектердің берері мол. Олар организмге аса қажетті дәрумендер (витаминдер) мен микроэлементтерге бай келеді.   
Елімізде қымыз бен шұбаттың туберкулезге қарсы әсері толықтай дәлелденген.     

Жаксыгуль Жуматаевна МЫХАНОВА,
мейірбике,
Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы диспансер

Сурет xn--80achd5ad.xn--p1ai сайтынан алынды

 

 
Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (29.08.2015)
Просмотров: 961 | Теги: жаксыгуль, мыханова, туберкулез, тамақтану | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]