Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулезге шалдыққан науқастарды оңалту

Туберкулезбен ауырған науқастарды оңалту – маңызды медициналық-әлеуметтік проблема. Ауруханаларда, санаторийлерде, диспансерде басқа оңалту шараларымен бірге жүргізілетін туберкулездің қазіргі емі сырқаттардың көбісінің өз кеселінен құлан-таза айығып кетуіне мүмкіндік береді. Алайда науқастардың бір бөлігінің тыныс алу қызметінде әр түрлі дәрежедегі қалдық өзегрістер қалып қояды. Бұл өз кезегінде туберкулезден емделген адамды мүгедек деп тануға негіз болып табылады. Оған қоса бұрын туберкулезден мүгедек болған науқастарды әлеуметтік-еңбектік оңалту мәселесі де қиындыққа кездесуде. Мұндай науқастардың еңбек ету қабілетін қайта қалпына келтіру 10 пайыздан аспайды.
Медициналық оңалтуды екі негізгі көрсеткіш анықтайды: сырқаттан туберкулез микобактериясының мүлдем бөлінбеуі және іру қуысының толық жабылуы. Оңалту шараларына қазіргі заманғы озық технологиялар қолданылып, оның нәтижесі біршама артуда.

Алмагүл Камаладинқызы ҚАПАН,
мейірбике,
қайта қалпына келтіру бөлімшесі,
облыстық туберкулезге қарсы диспансер


Сурет ftiza.su сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (21.01.2015)
Просмотров: 884 | Теги: алмагүл, туберкулезден оңалту, қапан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]