Туберкулез – бұл науқастану мен өлім жағдайы бойынша әлемде алғашқы орындардың бірін иеленетін созылмалы бактериалды жұқпа (инфекция). Жұғу туберкулез таяқшасын түшкіргенде, жөтелгенде, сөйлегенде қақырықпен бірге сыртқа бөлетін науқас адамдардан ауалық-тамшылық жолмен өтеді.
Туберкулез қоздырғышы организмнің көптеген ағзалары мен жүйелерін зақымдауға қабілетті: өкпе, ми, бүйрек, сүйектер, көз, тері, лимфа жүйесі. Туберкулездің аса ауыр формалары нәрестелерде пайда болады.
Туберкулездің алдын алу мақсатында оған қарсы иммунизациялау жүргізіледі. Бұл мақсатта БЦЖ және БЦЖ-М вакциналары қолданылады. Оларда антигеннің аз ғана мөлшері бар.
Туберкулезге қарсы вакцина аталған дерттің ең ауыр түрлерінен (мидың, сүйектің және с.с. зақымдануы сияқты) қорғайды. Вакцинаның құрамына туберкулез қоздырғышымен туыстас, кесел шақыру мүмкіндігінен айрылған, арнайы өсірілген әлсіз микроорганизмдердің белгілі бір саны кіреді.
Туберкулезге қарсы вакцинация перзентханада нәрестелерге туғаннан кейінгі 3-5 тәулікте жасалады. Егілген балалардың туберкулез таяқшасын жұқтыруы сирек және дерт оларда жеңіл түрде өтеді.
Айымжан Қалабайқызы КӘРІБАЕВА,
мейірбике,
"Амбулаториялық-емханалық қызметi бар
Қармақшы аудандық орталық ауруханасы" ЖШҚ МКК
Жосалы қыстағы,
Қармақшы ауданы
Сурет expectingbaby.ru сайтынан алынды
|