Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулездің клиникалық белгілері

Клиникалық тұрғыда науқастардың көбісінде уыттану (интоксикация) байқалады. Олар: төменгі еңбек ету қабілеті мен тәбеті, жүректің жиі қағуы, тез шаршау, жоғары температура, жөтел жоқ немесе сирек және құрғақ.
Сирегірек науқас вегетативті-қан тамырлы дистония симптомдарына шағымданады, бұл да сол уыттану синдромының салдары болып табылады.
Әдетте жақсы хәл, жақсы жұмыскерлік фонында мұндай науқастарда кешке қарай субфебрилді температура пайда болады. Кеселдің мардымсыз сипмтоматикасы бар мұндай формасы егер сырқат дәрігерге қаралмаса және емделмесе жылдарға созылуы мүмкін.
Белгілі бер кезде науқас өзін мүлдем жақсы сезінеді – одан субфебрилді температура жоғалады, шағым жоқ, ал көктемде немесе күзде кенеттен хәлі нашарлайды. Тек флюорография немесе рентгенография сырқаттан өкпенің ошақтық туберкулезін табады.
Аздаған шырышты-іріңді қақырықтан туберкулез микобактериясын аңғаруға болады. Терілік туберкулиндік реакциялар көбіне қалыпты келеді, тек үдерістің (процесстің) бастапқы формаларында ғана ол оңды болады.  

Парида Пазылханқызы ҚҰЛШАЕВА,
аға мейірбике,
аудандық туберкулезге қарсы диспансер,
Шиелі ауданы

Сурет subscribe.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (24.04.2015)
Просмотров: 2131 | Теги: туберкулез, белгілері, парида, құлшаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]