Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулездің емі туралы

Қазіргі кезде туберкулез дертінен толықтай айықтыратын туберкулезге қарсы көптеген ықпалды препараттар бар. Емдеудің негізгі шарты туберкулезді профилактикалық тексеру жолымен дер кезінде анықтау және науқастардың маманданған медициналық көмек алуы үшін фтизиатр дәрігерге ерте қаралуы.
Туберкулезге шалдыққан сырқат өзіне дәрігер жазып берген емді дер кезінде толық күйде алуы тиіс. Ем барысындағы үзіліс оны емдеу аса қиынға түсетін туберкулездің дәріге тұрақты түрлерінің дамуына жетелейді.
Науқастың кемінде 6-8 ай ем қабылдауы керек: 2-3 ай туберкулез стационарында, одан соң туберкулез кабинетіндегі күндізгі стационарда, кейін амбулаториялық жағдайда.
Туберкулезге қарсы препараттардың бағасы өте қымбат, алайда олар науқасқа тегін беріледі.
Сырқаттың емді мерзімінен бұрын үзуіне немесе өзіне тағайындалған дәрілерді толық емес күйде қабылдауына болмайды. Өйткені бұл туберкулез микобактериясының дәріге төзімді түрінің пайда болуына жетелейді.
Ал көптеген тұрақтылықтағы Кох таяқшасы бар науқастарды емдеу аса қымбатқа түседі (емдеу курсы әдеттегі емнен 100-150 есе артық). Сондай-ақ емдеу ұзақтығының бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. Оған қоса ем әр кезде табысты бола бермейді: ауру адамның өкпесінен айрылуы (операциядан соң) немесе өмірін жоғалтуы ықтимал.       

Разия Тургановна РАХИМБЕКОВА,
кезекші мейірбике,
Шиелі аудандық туберкулезге қарсы диспансер,
Шиелі ауданы

Сурет topsape.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (16.08.2015)
Просмотров: 2016 | Теги: Кох таяқшасы, туберкулез, рахимбекова, разия, емі | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]