Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулездің дәріге төзімді (мультирезистентті) түрі

Бұл – туберкулез кеселінің ерекше формасы. Мұнда туберкулез микобактериясы (ТМБ) І-ші қатардағы негізгі туберкулезге қарсы препараттар – изониазидке және рифампицинге төзімділік танытады. Туберкулездің мультирезистентті түрі кеселді алғашында дұрыс емдемеу, емделу режімінің бұзылуы нәтижесінде жиі туындайды. Бірақ кейде туберкулездің резистентті түрімен ауырған науқастан да дерт жұқтыру қауіпі бар. 
Туберкулездің дәріге төзімді түрін емдеу, әдеттегі туберкулезбен салыстырғанда ұзаққа, кейде 3 жылға дейін созылады және емге қиын көнеді. ІІ-ші қатардағы қазіргі заманғы препараттармен емдегенде науқастардың тек 75%-і ғана жазылады, қалғандарының емдеуге көнбейтін түрге ауысуы немесе дерттің өлімге жетелеуі ықтимал.
ІІ-ші қатардағы туберкулезге қарсы препараттар барынша уытты (токсикалы) және бағасы аса қымбат тұрады.
Өзінде туберкулездің мұндай түрі анықталған сырқат дәрігер нұсқауын мүлтіксіз, мұқият және ыждағатты орындауы тиіс. Тек толыққанды және кешенді емдеуде ғана толық сауығуға кепіл бар. 
Мультирезистентті туберкулез қазіргі заманғы фтизиопульмонологияның негізгі проблемаларының біріне саналады. Сондай-ақ бұл мемлекетке орасан зор шығын әкелетін әлеуметтік проблема.    

Гаухар Ибрагимқызы ИБРАГИМОВА,
№8 аймақтың мейірбикесі,
Қалалық туберкулезге қарсы диспансер

Суретwww.who.int  сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (02.04.2015)
Просмотров: 1354 | Теги: Гаухар, туберкулездің дәріге төзімді түрі, мультирезистентті туберкулез, ибрагимова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]