Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулездің белгілері мен нақтылануы

Туберкулездің белгілері (симптомдары) дерттің қандай ағзаны зақымдауына байланысты болып келеді. Көбіне өкпе зақымданатындықтан негізгі белгі үш аптадан әріге созылатын жөтел болып табылады. Жөтелдің қақырық бөлінумен бірге жүруі немесе қан түкірудің көрінуі ықтимал.
Кеселдің барынша жиі басқа симптомдары: жоғары температура, түнгі тершеңдік, тәбет жоғалту, шаршау, әдеттегі тағамданудан дене массасын жоғалту.
Дегенмен туберкулездің алғашқы сатыларында симптомсыз өтуі және көрсетілген кейбір белгілердің басқа кеселдерде де білінуі мүмкін. Сондықтан дертке күмәнді белгілер пайда болғанда барынша ыждағатты тексеруді жүргізу үшін аймақтық терапевт дәрігерге қаралу қажет.
Туберкулез негізінен екі басты тәсілмен нақтыланады:
1) Бактериологиялық әдіс (қақырық жағындысының микроскопиясы, материалды қоректік ортаға себу);
2) Рентгенологиялық әдіс (өкпедегі туберкулездің бастапқы белгілерін айқындауға, ал кейін дерт ағымын емдеу процесінде қадағалауға ерік береді).      

Разия Тургановна РАХИМБЕКОВА,
кезекші мейірбике,
Шиелі аудандық туберкулезге қарсы диспансер,
Шиелі ауданы

Сурет www.amansaulyk.kz сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (16.08.2015)
Просмотров: 1403 | Теги: туберкулез, рахимбекова, разия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]