Туберкулез кеселінің екі формада – ашық және жабық түрде өтуі мүмкін. Дерттің ашық түрінде (бактерия бөлуде) қақырықта, түкірікте және науқастың басқа бөліністерінде бактериологиялық зерттеу (қоректік ортаға себу) немесе микроскопия көмегімен Кох таяқшалары анықталады.
Егер қайталау зерттеулерінде бөліністерде бактериялар болмаса – науқастардың туберкулез дертінің жабық түрімен ауыратындығы.
Туберкулездің ашық және жабық түрі көбіне өкпе туберкулезіне байланысты қолданылады. Дегенмен, бактерия бөлу туберкулездің басқа түрлеріне де тән – лимфа бездерінің туберкулезі, тыныс жүйесінің туберкулезі, ішек туберкулезі және т.б.
Бактерия бөлудің болуы (туберкулез микобактериясы, ТМБ +) – науқастың жұқпалық қауіпінің маңызды көрсеткіші. Өйткені туберкулездің жұғуы қоршаған ортаға туберкулез микобактерияларын бөлетін сырқат адамнан ғана болады.
Ешбір дәрігер туберкулездің жабық формасымен ауыратындармен контактта болудың 100% қауіпсіздігіне кепілдік бермейді. Сол себепті туберкулезден сақтану шараларын әрбір адамның білгені жөн.
Гүлсін Әмірханқызы ӘЖІКЕЕВА,
химизатор,
“Отбасылық денсаулық орталығы”,
Шиелі ауданы
Сурет www.newsru.com сайтынан алынды
|