Әлеуметтік профилактика – бұл әмбебап сипаттағы шаралар кешені, оның туберкулездің алдын алудағы маңызы орасан зор.
Профилактикалық шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға, кедейшілікпен күресуге, азаматтардың материалдық бақуаттылығын, жалпы мәдениетін және әлеуметтік сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Әлеуметтік бағыттағы шаралар денсаулықты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қажет жағдайларды жасайды. Бұл шараларды жүзеге асыру елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің саяси құрылымына және оның идеологиясына байланысты болады.
Туберкулезге қарсы күрес – мемлекеттік маңызы бар іс. Еліміздегі туберкулезге қарсы күрестің Ұлттық концепциясында профилактикалық бағыттылық, мемлекеттік сипат, медициналық көмектің тегін болуы принциптері қойылған.
Туберкулездің әлеуметтік профилактикасы эпидемиялық үдерістің барлық буындарына әсер етеді. Ол басқа деңгейдегі алдын алу шараларының жүзеге асуына қажет іргетас құрады және елеулі дәрежеде олардың жалпы ықпалдылығын анықтайды.
Кулжамал Достанбайқызы ИБРАЕВА,
мейірбике,
Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы диспансер
Сурет www.postfactum.ks.ua сайтынан алынды
|