Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулезді емдеудің дәрілік емес тәсілдері

Туберкулезді емдеуде дәрілік емес тәсілдер маңызды орын иеленеді, өйткені көптеген науқастар туберкулезге қарсы препараттарға төзімді микобактериялардың формаларын сыртқа бөледі.
Организмге әсер етудің дәрілік емес әдістеріне аэротерапия мен гелиотерапияны (ауамен және күнмен емдеуді) бойына жинайтын климаттық терапияны жатқызады. Мұнда сол немесе басқа климаты бар белгілі бір жердің табиғи факторларының адам организміне барлық пайдалы әсері ескеріледі.
Таза ауа кез келген тектегі тыныс алу жүйесінің зақымдануы бар науқастар үшін негізгі емдік фактор болып табылады. Ол анық білінетін сергіту және ұйқы шақыру эффектін иеленеді, тәбетті арттырады, орталық нерв жүйесінің қызметін және организмнің жұқпаларға табиғи қарсылығын белсенді етеді.
Жергілікті шипажайларда аэротерапия жыл бойына өткізіледі. Әсіресе оның мүмкіндігі жаз айларында арта түседі. Самырсындық, қарағайлық орман ауасы аса пайдалы.
Арнайы климаттық аймақтардағы таза ауадан бөлек күн радиациясының және географиялық факторлардың мәні зор (таулық, теңіздік, далалық және т.б. климаттар).
Гелиотерапия да (күнмен емдеу) климаттық терапияның маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Тура немесе шашыраңқы күн сәулелері организм үшін күшті тітіркендіргіш ретінде қызмет етеді. 
Шарт бойынша гелиотерапияны туберкулездің өкпеден тыс орналасу түрлерін емдеуге пайдаланады (сүйектік-буындық, лимфатикалық түйіндердегі, терідегі).
Белсенді өкпе туберкулезінде күн ванналары мүлдем қолданылмайды.
Сондай-ақ климаттық емдеудің құрамдас бөлігі ретінде гидротерапияны (сумен емдеуді) пайдалануға болады.
Қымызбен емдеу қазіргі кезде туберкулезді дауалаудың дәстүрлі емес тәсілдерінің бірі болып табылады. Даланың таза ауасы, толыққанды тамақ пен қымыз бұл дертте аса пайдалы.         

Нұрипа Қожаншақызы ИГІСІНОВА,
№2 ӨТБ мейірбикесі,
Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы диспансер

Сурет udoktora.net сайтынан алынды

 

 
Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (29.08.2015)
Просмотров: 969 | Теги: туберкулез, нұрипа, климаттық терапия, игісінова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]