Туберкулезге тексеруге әр түрлi материалдар қолданылады.
Өкпе туберкулезi – туберкулездiк зақымданудың ең жиi тараған формасы болғандықтан, негiзгi материал қақырық деп есептеледi. Сондай-ақ трахеобронхиалдық бұтақтан алынған бөлiнiстер, жуындылар және т.б. пайдаланылады.
Зерттеу ықпалдылығы науқастан материалды қадағалап жинағанда арта түседi. Бұл үшiн бөлменi арнайы жабдықтайды немесе арнайы кабиналар сатып алынады.
Материал жинау – қауiптi процедура. Сондықтан зерттеуге материал жинауды жұқпалық (инфекциялық) қауiпсiздiк ережелерiн сақтай отырып жүргiзген жөн.
Туберкулез микобактериясын зерттеу үшiн материалдарды тығыз бұралатын қақпағы бар стерильдi ыдыстарға (флакондарға) жинайды.
Бұл қоршаған ортаның залалданбауы және жиналған материалды ластанудан қорғау үшiн қажет.
Куляйхан Калыбаевна АРЫСБЕКОВА,
лаборант,
“облыстық туберкулезге қарсы диспансері”
Сурет www.transferfaktory.ru сайтынан алынды
|