Туберкулездiң шектеулi және белсендiлiгi аз түрлерiне шалдыққан науқастардың жалпы қан талдауында (ЖҚТ) эритроциттердiң қалыпты санында гипохромия болады. Инфильтраттар көп болғанда немесе казеозды пневмонияда, iшек ерекшелiктi зақымданғанда, сондай-ақ үлкен өкпелiк немесе операциядан соңғы қан кетуде эритропения мен микроцитоз, олигохромазия, полихромазия байқалады.
Туберкулезде кейбiр жағдайларда аздаған лейкоцитоз (15 мың лейкоцитке дейiн), сирегiрек лейкопения анықталады.
Лейкоцитарлық формулада жылжу жиi болады. Салыстырмалы нейтрофилез де, сондай-ақ абсолюттi нейтрофилез де, лейкоцитарлық формуланың солға аздап жылжуы байқалады. Асқынбаған туберкулезде миелоциттер өте сирек ұшырасады. Туберкулездің өршуi болғанда ядролық жылжу өз қалпына салыстырмалы тез келедi.
Шеткi қандағы эозинофильдердiң болуы туберкулез үдерiсінiң (процесінің) фазасы мен организмнiң аллергиялық жай-күйiмен тығыз байланысты.
Эритроциттердiң шөгу жылдамдығының (ЭШЖ) артуы патологиялық үдерiстiң болуын көрсетедi.
Куляйхан Калыбаевна АРЫСБЕКОВА,
лаборант,
“облыстық туберкулезге қарсы диспансері”
Сурет natural-medicine.ru сайтынан алынды
|