Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулез, жүктілік және бала босану

Жүктілік пен бала босануда әйелдің эндокриндік жүйесінің, иммунитет ағзаларының, зат алмасу қызметінің қайта құрылуы жүреді, жатырдағы ұрықтың алмасу өнімдері бөлінеді. Мұның бәрі туберкулезбен ауыру тұрғысындағы қауіп факторлары болып табылады.
Жүктілік пен бала босанудан кейін пайда болған туберкулез екі қабаттыққа дейін анықталған туберкулезге қарағанда әдетте ауырырақ өтеді. 
Туберкулездің жүктіліктің кез келген кезеңінде туындауы мүмкін, алайда ол екі қабаттықтың бірінші жартысында байқалады. Ал туберкулез үдерісінің бала босанудан кейінгі кезеңде өршуі алғашқы 6 айдан соң жиі білінеді.
Жүктілік кезіндегі өкпе туберкулезіне тән ерекше белгі болмайды. Әлсіздік, дімкәстану, тәбеттің жоғалуы, жүдеу сияқты туберкулездік уыттанудың симптомдары жүктілік токсикозымен түсіндірілуі мүмкін. Бұл туберкулезді дер кезінде диагностикалауды қиындатады.
Екі қабат әйелдерге өкпенің жоспарлы профилактикалық флюорографиялық тексерулерін жүргізуге болмайды. Олардағы туберкулез тыныс алу ағзаларының кеселдеріне шағымдар болғанда ғана барып анықталады.
Мұндай шағымдар пайда болғанда акушер-гинеколог дәрігер екі қабат әйелді туберкулезге қарсы диспансерге жолдайды. Бұл жерде оның өкпесін рентгенологиялық тексеру жүргізіледі (сәулеленудің жоғары дозасына байланысты флюорография жасалмайды). Сондай-ақ қақырық туберкулез микобактериясына (ТМБ) зерттеледі, қан мен зәр талдаулары жасалады.
Жүкті әйелдердегі, сондай-ақ бала емізетін аналардағы туберкулез оған қарсы ауруханада немесе санаторийде емделеді. Дәрілерді таңдау кезінде жатырдағы ұрыққа, емшек еметін балаға оның зияндылығы ескеріліп, қауіпсіздеу препараттар беріледі. 

Құттыбике Тұрсынқызы НИЯЗ,
мейірбике, 
диспансерлік бөлім,
Қазалы аудандық туберкулезге қарсы диспансер,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет zhdumalisha.ru сайтынан алынды

 

 
Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (29.08.2015)
Просмотров: 1855 | Теги: Жүктілік, бала босану, құттыбике, туберкулез, Нияз, ТМБ | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]