Туберкулез әлемде кең тараған жұқпалы кеселдердің бірі. Оның шекaрасы мен әлеуметтік кедергілері мүлдем жоқ. Жер шары тұрғындарының үштен бірінен астамы туберкулез микобактерияларымен жұқпаланған.
Туберкулез оның микобактерияларын бөлетін науқастан аэрогендік (ауалық) жолмен беріледі. Мұндай ауаны кез-келген адамның жұтуы мүмкін. Дегенмен жұқпаның негізгі көзі туберкулездің жұқпалы түрімен ауырған сырқаттың қақырығы болып табылады. Бұл жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде, күлгенде, есінегенде, түкіргенде ауаға түседі.
Дені сау адамның белсенді туберкулезбен ауыру ықтималдығы 5-10%-ті құрайды. Туберкулез жұққан адамда кеселдің дамуында 2 фактордың мәні зор:
1) организмге түскен туберкулез қоздырғыштарының саны;
2) организмнің қорғаныс күшінің жағдайы.
Мына адамдар туберкулез жұқтырудың жоғары қауіпіне ие:
- өкпе туберкулезінің жұқпалы түрі бар науқастармен тұрақты контакттағылар;
- иммунитеті әлсірегендер (созылмалы ауыр кеселдері барлар, гормондар мен ісіктерге қарсы препаратты қабылдайтындар);
- алкогольдік және темекілік тәуелділіктен жапа шегетіндер;
- есірткі тұтынатындар;
- АИТВ-жұқпасы бар адамдар;
- мигранттар, оның ішінде еңбек мигранттары (басқа мемлекетте жұмыс істейтіндер);
- түрмедегілер мен жуық арада одан бостандыққа шыққандар;
- тұрақты мекен-жайы жоқ адамдар.
Разия Тургановна РАХИМБЕКОВА,
кезекші мейірбике,
Шиелі аудандық туберкулезге қарсы диспансер,
Шиелі ауданы
Сурет doctor54.ru сайтынан алынды
|