Туберкулездің туберкулез микобактериясы шақыратын жұқпалы кесел екені мәлім. Туберкулезбен ауыру кезінде жүктілік туындаса, бұл туралы емдеуші дәрігерге шұғыл хабарласу қажет.
Туберкулезі бар науқастарда мынадай белгілер пайда болады: қақырығы бар немесе қақырықсыз жөтел, қан түкіру, кеуде клеткасының ауыруы, ентігу. Одан басқа белгілері: әлсіздік, тершеңдік, дене температурасының кешкі мезгілде субфебрильді цифрларға дейін ұзақ мерзім жоғарылауы, ызалану.
Өкпенің белсенді туберкулезіне күдік туғанда жүктіліктің қандай мерзімде болғанына қарамастан рентгендік зерттеу өткізілуі тиіс. Екіқабат әйелдің кеуде клеткасын рентгенологиялық зерттеу үдерісінде арнайы әдістемелер мен қорғаныс бұйымдары қолданылады. Бұл өз кезегінде ұрықтың рентгенмен зақымдану мүмкіндігін азайтады. Өкпе туберкулезі бар әйелдер акушер-гинекологпен және фтизиатрмен бірлесіп қаралады және асқынулар туындағанда ауруханаға жатқызылады.
Кульмарам СМАЙЛОВА,
мейірбике,
әйелдерді қарау кабинеті,
“№5 қалалық емхана” ШЖҚ МКК
Сурет lechimsya-prosto.ru сайтынан алынды
|