Алкогольді жүйелі тұтыну организмнің гомеостазын бұзып қана қоймай, бауырдың, мидың және ұйқы безінің уытты зақымдануларына, сондай-ақ адамның деградациясына, сынның және шарт бойынша өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жетелейді. Мұның бәрі асоциалды адамдармен жиі контактта болумен бірге туберкулезге шалдығудың жоғары қауіпіне даңғыл жол ашады.
Бұрын туберкулезбен ауырған адамдар алкогольді жүйелі түрде шектен тыс тұтынғанда туберкулез үдерісінің (процесінің) рецидиві байқалады.
Созылмалы маскүнемдіктен жапа шегетін адамдар көбіне профилактикалық тексерулерден бой тасалайды. Маскүнем адам дәрігерге өте кеш қаралады, өйткені өзіндегі дімкәстануды, әлсіздікті, вегетативтік бұзылыстарды бас жазу синдромының білінісі, ал жөтелдің пайда болуын шылым шегудің әсері деп есептейді.
Туберкулезі және алкоголизмі бар адамдардағы туберкулиндік сезімталдықтың теріс немесе төмен болуы мүмкін. Мұның үдемелі туберкулездің, сонымен қатар гиповитаминоздармен және диспротеинемиямен бірге алиментарлық бұзылыстардың зардабы болуы ықтимал. Оның бәрі алкогольді шектен тыс тұтынатын туберкулезге шалдыққан адамдардан деструктивтік (ыдырау) үдерістерін анықтауға жетелейді және маскүнемдік ықпалды ем жүргізуге бөгет болады.
Бұл науқастардың химиотерапиясы мұқият бақылауды қажет етеді. Олар амбулаториялық жағдайда нашар емделеді, өйткені дәрілік препараттарды жүйелі қабылдамайды.
Стационарда арақ ішу, режімді бұзу және бұзақылық жасау науқасты емделуден ерте шығаруға, емнің үзілуіне және ондағы туберкулез үдерісінің одан арғы үдеуіне кейде себеп болады.
Нұрипа Қожаншақызы ИГІСІНОВА,
№2 ӨТБ мейірбикесі,
Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы диспансер
Сурет huggins6d6db.iwiin.com сайтынан алынды
|