Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулез және гипертониялық ауру

Атеросклероздың және гипертониялық аурудың өкпе туберкулезімен бірлесіп келуі шамамен 25 процент оқиғаларда кездеседі. Мұндай пациенттердегі гемодинамика аса жағымсыз жағдайда болады, жүректің қан тамырлары атеросклеротикалық және уытты-аллергиялық факторлардан жапа шегеді.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарындағы зерттеулерде фиброзды-кавернозды туберкулезі бар науқастардан артериалдық гипертензияның инфильтративтік туберкулезге қарағанда 1,5 есе сирек табылғаны көрсетілген. Мұны туберкулездік уыттанудың гипотензивтік (қан қысымын түсіру) әсерімен және туберкулездегі бүйрекүсті бездерінің қызметінің төмендеуінің жоғары жиілігімен байланыстырады.
Тыныс алу ағзаларының туберкулезімен бірге жүйелі артериалды гипертензияның қан түкіру мен өкпеден қан кетудің пайда болуының басты себебі болуы ықтимал. Мұндай науқастарға қан қысымын адекватты төмендетусіз қан тоқтату (гемостатикалық) терапия көбіне ықпалсыз болып келеді.
Жүйелі гипертензиясы бар ересек жастағы науқастар изониазид дәрісінің венаішілік инъекцияларын, сондай-ақ аминогликозидтермен емдеуді жақтырмайды.
Кейбір гипотензивтік және антиаритмиялық препараттардың (резерпин, раунатин, әсіресе адреноблокаторлар) өкпенің желдету қабілетінің обструктивтік бұзылыстарында қауіпті болуы ықтимал. Мұны емдеу кезінде ескеру керек.        

Мархабат Орынбасаровна АЛМАХАНОВА,
мейірбике,
Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы диспансер

Сурет www.doctorate.ru сайтынан алынды

 

 
Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (29.08.2015)
Просмотров: 762 | Теги: гипертониялық ауру, мархабат, алмаханова, туберкулез | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]