Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Туберкулез және араққорлық

Туберкулезбен бірге маскүнемдік (араққорлық) елеулі проблемалардың бірі. Араққұмарлыққа шалдыққан адам нашар тұрмыстық жағдайда өмір сүріп, туберкулез жұқтыруға бейім тұрады. Олардағы зат алмасудың бұзылуы мен торығулы (депрессивтік) жай-күй иммунитет реакциясының әлсіреуіне жетелейді. Сондай-ақ туберкулезбен ауырғандардың тең жартысынан астамы профилактикалық шараларды жүргізуден бой тасалайды.
Алкоголизмге шалдыққан науқастарда туберкулездің ыдырау (деструктивтік) формалары жиі ұшырасады, сондай-ақ олар айналаға бактерияны көп бөледі.
Мұндай сырқаттар тұлғалық деградацияға, санитарлық сауаттарының төмендігіне байланысты гигиенаның қарапайым талаптарын орындамайды, медициналық көмекке кеш жүгінеді, дәрігер нұсқауларын елемейді, түбегейлі (радикалды) терапиядан бас тартады. Сол арқылы айналасындағыларға туберкулез микобактериясын, оның ішінде туберкулезге қарсы препараттарға төзімділерін таратып аса қауіпті бола бастайды.    

Гүлсін Әмірханқызы ӘЖІКЕЕВА,
химизатор,
“Отбасылық денсаулық орталығы”,
Шиелі ауданы

Сурет neoglavnom.com сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (25.03.2015)
Просмотров: 765 | Теги: туберкулез, қауіпі, гүлсін, әжікеева, араққорлық | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]